29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыШвейцарияның Айроло қаласында аяқталған фристайл-акробатикадан Еуропа кубогының кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Шерзод Хаширбаев жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәләметінше, Шерзод Хаширбаевқа алтын медаль алу үшін 96.93 ұпай жеткілікті болды. Украиналық атлет Максим Кузнецов (94.82 ұпай) күміс, швейцариялық Пирмин Вернер (93.99 ұпай) қола жүлдеге ие болды.
Жарыс барысында 20 жастағы Шерзод 2 дүркін әлем чемпионы Ное Розды (Швейцария) қапы қалдырды. Бұл қазақстандық фристайлшының ересектер арасындағы кезекті жетістігі. Бұған дейін ол 2021 жылы АҚШ-та өткен Солтүстік Америка кубогында 1-орын иеленген. Сондай-ақ Шерзод былтыр Бейжің Олимпиадасында бақ сынаған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек