Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Е.Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды, - делінген мәліметте.
Ведомство мұндай шешімге қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болғанын алға тартқан.
Еске сала кетсек, 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан болатын. Сол жағдайдан кейін жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді