20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Абзал Құспан Серік Күдебаевтың елден қашып кетуі Прокуратураның кінәсі екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мәжіліс депутаты Серік Күдебаев тәуелсіз Қазақстанның тарихында елден қашып кеткен алғашқы адам емес екендігін мәлімдеді.
"Егер жағдай осылай өзгеріссіз қала берсе, ол соңғы да адам болып қалмайтыны түсінікті. Біздің шекарамыз қалталы, жағдайы бар, қолында билігі бар азаматтардың оп-оңай шығып кететін, кіріп-шыға беретін жеріне айналып кетті. Бұл жағдайға қарап, мынадай дүниені топшалауға болады, бұл жерде жемқорлық белгілері бар. Оны жоқ деп айта алмаймыз. Себебі, «беркуть» жүйесінде ешқайда кетпеу туралы қолхаты бар", деді Абзал Құспан.
Сонымен қатар ол тергеуші мен судьялардың қабылдаған шешімдері барлық жерде тіркеліп тұратындығын айтты.Ондай шешімдер тұрған кезде заң бойынша ешкімді шығаруға болмайды.
"Енді осы іске байланысты бір ғана жол бар. Бұл жерде нақты кінәлі Серік Күдебаевты босатуға рұқсат берге прокуратура қызметкері, оны қанағаттандыруға рұксат берге судья, оны шығарып жіберуге ықпал еткен шекара қызметкерлерінің барлығын қылмыстық жауапкершілікке тартуымыз керек. Сөйтіп қана біз бұны тоқтата аламыз", - деді депутат.
Ол жоғарыда аталған шараларды қолға алмайтын болсақ, бұл жағдай қайталана беретіні сөзсіз екендігін айтты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?