29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркістан облысының Сайрам аудандық полиция басқармасына Жетісай ауданының тұрғыны хабарласып, оның Сайрам ауданында тұратын әпкесі жұбайын қорлап, ұруға тырысқанын айтқан. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол аталған мекенжайға барған полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Тіпті шәйнекпен басына соққы жасаған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексі 380-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Осы баптың санкциялары төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жаза не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталады. Сайрам ауданының полиция қызметкері медициналық тексеруден кейін өзінің қызметтік міндетін орындауға қайта кірісті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек