Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа қатысты жағдайға түсініктеме беріп, келісімшартқа байланысты мәселенің толық шешілгенін айтты.
Министрдің сөзінше, Михаил Шайдоровпен жасалған келісімшарттың барлық талаптары түсіндіріліп, құжатқа қол қойылған. Оның айтуынша, бұл келісімшарт халықаралық тәжірибе, допингке қарсы агенттіктердің ұсынымдары және қолданыстағы талаптар негізінде әзірленген стандартты құжат.
Михаил Шайдоровтың келісімшартына қатысты мәселе толық шешілді. Құжаттың талаптары түсіндіріліп, келісімшартқа қол қойылды. Бұл – халықаралық тәжірибеге, допингке қарсы агенттіктің және басқа да ұйымдардың ұсынымдарына сай жасалған стандартты келісімшарт. Біз бір спортшы үшін жеке келісімшарт әзірлей алмаймыз. Барлық спортшылар үшін ереже бірдей, – деді министр.
Ербол Мырзабосынов келісімшартты Михаил Шайдоровпен бірге қарап шыққанын да атап өтті.
Біз Михаилмен бірге келісімшартты мұқият зерделеп, қорытынды жасадық. Шын мәнінде, екі тараптан да коммуникацияда кемшілік кеткен. Орындаушы менеджерлер құжат талаптарын дұрыс түсіндірмеген. Соның салдарынан осындай жағдай туындады. Екі жақтағы жауапты менеджерлер өз міндетін толық атқармағандықтан, оларға тәртіптік жаза қолданылды, – деді ол.
Сондай-ақ журналистер министрден келісімшартта 2030 жылғы Олимпиада ойындарында міндетті түрде медаль алу туралы талаптың сақталған-сақталмағанын және мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинамен жасалған келісімшарт жайын сұрады.
Софья Самоделкина бойынша да келісімшартқа қол қойылды, ешқандай мәселе жоқ. Михаил Шайдоровтың командасы АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына дайындалып жатыр. Жаттығу мерзімі екі айға созылады. Бұл келісімшарт ешқандай қаржыны қайтаруды міндеттемейді. Біз спорттың барлық түрінде белгілі бір нәтижелерге қатысты болжам жасаймыз. Бұған дейін Қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында да медаль саны жөнінде міндеттемелер алғанбыз. Сол кезде сегіз жыл бойы еліміздің қысқы Олимпиададан медаль алмағанын айтып, кем дегенде бір медаль болады деп болжадық. Менің ойымша, команда бұл міндетті барынша орындады, – деді Туризм және спорт министрі.
Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін