Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрлықтық дода 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары — Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония.
Турнир басталардан бұрын ел құрамасы қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оған қоса 27 қазанда Қытаймен жолдастық кездесуде дайындығын пысықтай түседі.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
31.10.2024, 16:30 — Қытай — Қазақстан01.11.2024, 13:00 — Жапония — Қазақстан02.11.2024, 13:00 — Қазақстан — Оңтүстік Корея
Айта кетсек, әйелдер арасындағы құрлықтық додаға қатысатын құрамалардың барлығы осал емес. Мәселен, Жапония әлем чемпионатында топ-дивизионда ойын көрсетсе, Қытай бірінші дивизионның А тобында, Оңтүстік Корея біздің құрамамен бірге бірінші дивизионның Б тобында ойнайды.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер