20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысында болған спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы зардап шеккен ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Оқиға 2025 жылғы 27 шілдеде сағат 08:50 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 299-шақырымында болған. Жол апатына «Toyota Land Cruiser 200» маркалы көлік себеп болған.
Қарағанды облысы жағынан Алматы қаласы бағытына қарай келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылған, – деп нақтылады полиция департаменті.
Апат салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және оқиғаның нақты себептерін объективті зерттеу үшін барлық қажетті шараларды жүргізуде, – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта көлік құралы арнайы тұраққа қойылған. Тергеу амалдары жалғасуда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?