6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) Morning Kombat Youtube-арнасына берген сұхбатында танымалдылығына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
– Көшеде жүргенде сені танып жата ма?
– Иә, таниды. Қайда барсам да танып жатады.
– Бұған қалай қарайсың? Өмірің өзгерген шығар?
– Әрине, өмірім қатты өзгерді, бірақ мен сол баяғы қарапайым жігітпін. Дегенмен көшеде маған назар аударатындар көп. Мұндайда өзімді ыңғайсыз сезінемін. Бірақ бұл да ойынның бір бөлігі екенін түсінемін.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін америкалық Стивен Томпсонға (17-6-1) қарсы өткізеді. Бұл айқас 17 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі