29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие қаражатын алу кезінде алаяқтық фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген кредиттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын ресімдеген 3 тұлға анықталды.
Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 млн теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірген.
Қазіргі уақытта 3 күдікті ұсталды, оларға қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.
Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібімен тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек