Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекМәжіліс депутаты Ерлан Саиров премьер-министрге аграрлық сектордың күрделі жағдайға тап болып отырғаны туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша 2022 жылы тауарлық субсидиялар 50 пайызға, ал инвестициялық субсидиялар 30-40 пайызға төленген. Алынған қарыздар бойынша екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша да осындай жағдай орын алып отырғанын тілге тиек етті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған, инвестициялық субсидиялар және екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесін өтеуге арналған жаңа gosagro.kz платформасы толық жұмыс істемейді, мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланбаған, субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдауға қабілетсіз, – деді депутат.
Өтелмеген қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені өтеу үшін субсидиялар алу мүмкіндігінің болмауы кәсіпкерлерді субсидиялау қағидатына сәйкес 6%-дың орнына банктерге кредиттің толық мөлшерлемесін 17-20 пайыз төлеуге мәжбүр ететінін жеткізді.
Яғни, депутат бұл онсызда титықтап отырған шаруашылықтарға «жығылған үстіне жұдырық болатынын айтты. Биыл астықты сатып алуға бөлінген қаражаттың бұрын-соңды болмаған қысқару орын алған екен.
Мәселен, Ақмола облысы бойынша 12 миллиард қажеттілік бола тұра, форвардтық сатып алуға тек 4 миллиард теңге бөлінді, бұл көптеген шаруаларды айналым қаражатынан шектейді, – деді мәжілісмен Саиров.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес