30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖергілікті атқарушы органдарға Үшарал және Үржар әуежайларындағы жөндеу жұмыстарын тез арада аяқтау тапсырылды, деп хабарлайды El.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобаға сәйкес, аталған әуежайларға ұшу-қону және бағдарлау жолақтарын салу, жарық-сигналдық жабдықтармен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды Жетісу және Абай облыстарының әкімдіктері жүргізіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар реконструкциялау жөніндегі барлық жұмыстарды туристік маусымның басталуына қарай аяқтауды жоспарлаған. Алайда, мердігер ұйымдар жұмысты уақтылы орындамай, әуежайды ашу мерзімі кейінге шегерілді.
«Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үшарал және Үржар әуежайларында құрылыс жұмыстарын дереу аяқтауды тапсырды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Ал, Үшарал және Үржар әуежайларына субсидияланған рейстерді ұйымдастыру жұмыстары болса, мерзімінен бұрын аяқталды. Ол үшін қажетті қаржы бөлініп, рейстерді орындайтын авиакомпаниялар анықталған.
Үшарал-Алматы және Үшарал-Нұр-Сұлтан бағытында жолаушыларды «SCAT» авиакомпаниясы тасымалдайды. Рейстер жазғы маусымда аптасына 14 рет, ал қалған мезгілдерде аптасына 7 рет орындалады. Билет құны – 15-16 мың теңге болады.
Сондай-ақ, Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша жолаушыларды «Жетісу» авиакомпаниясы тасымалдайды. Ол жазда аптасына 28, ал қалған мезгілдерде 14 рейс орындайды. Бұл бағытқа «L-410» ұшақтары ұшады. Билет құны – 8 мың теңге.
Үржар-Алматы және Үржар-Нұр-Сұлтан бағытында «Южное небо» авиакомпаниясы қызмет көрсететін болады. Аталған бағыттарға рейстерді «Ан-24» ұшағы орындайды. Рейстер жазғы маусымда аптасына 10 рет, ал қалған мезгілдерде аптасына 5 рет жасалады. Билет құны – 14-16 мың теңге болады.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, Үшарал әуежайын 20 шілдеде, ал Үржар әуежайын тамыз айының бас кезеңінде ашу жоспарланып отыр.
Үшарал және Үржар әуежайларын жөндеуге уақытша жабу кезеңінде Алакөл жағалауына жету жолы ретінде қосымша пойыздар қарастырылған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды