28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБұл туралы алдағы уақытта өтетін Тұрақты даму мақсаттарының саммитіне орай ұйымдастырылған брифингте Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсманов тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол сөзінде шағын және микробизнестер үшін арнайы салық режимдері қолданылатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
«Микро және шағын бизнестерге өте аз салық салып, ал орта бизнестерге үлкен салық төлесең, онда бизнестер іріленгісі келмейді. Біз бизнестердің өскенін қалаймыз. Яғни бұл біздің дамуымыздың реформалар және қолдау аясындағы екінші бағыты деп айтуға болады. Ал мемлекеттік сатып алу жүйесі туралы айтсақ, онда да белгілі бір стимулдар бар. Шағын және орта бизнес үшін тіпті орта кәсіпорындардың ішінде де әлеуметтік тұрғыдан осал қызметкерлер болуы мүмкін. Оларға да мемлекеттік сатып алу аясында белгілі бір жеңілдік беріледі, – деді ол.
Сондай-ақ ол бұл мемлекеттің ұсынып отырған қолдауы деп айтты.
ШОБ қолдау көрсету мақсатында үкімет қазір жаңа бағдарлама дайындап жатыр. Бұл бағдарламаның ерекшелігі, берілетін субсидиялар және жеңілдетілген кредиттер осы бизнестің ауқымына, жергілікті және халықаралық нарыққа шығарыла ма, соған да байланысты болады. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты осы, – деді Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсманов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?