30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОның айтуынша, әзірге ауылды жерлерді 5G-мен қамту туралы сөз қозғауға ерте.
«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G тестілеуден өтіп жатыр. Пилоттық режимдегі тестілеу жыл соңына дейін аяқталып, аталған қалаларда 5G толық енгізілетіні жоспарланып отыр. 5G-ді енгізу аукцион арқылы еліміздегі барлық байланыс операторларының қатысуымен өтеді. Қатысушы операторларға арналған талап бар. Алдымен республикалық маңызы бар 3 қалада енгізілетіні көзделген. Ал 2024 жылға дейін облыс орталықтарын 5G-мен қамту жоспарда бар», - деді Зүлфия Құдайбергенова елордада байланыс тақырыбына арналған ашық есік күнінде.
Сондай-ақ спикер «Қазақстанда 5G енгізілсе интернет бағасы өзгеруі мүмкін бе?» деген сауалға жауап берді.
«Жоқ, баға қымбаттамайды. Жалпы халық үшін 4G интернетінің күші жеткілікті. 5G негізінен «ақылды» қалалар мен кәсіпорындар үшін қажет. Яғни жоғары сапалы интернетпен бір сәтте бірнеше желіні қосып жұмыс істеуге болады», - дейді ол.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды