Бүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Өскеменнің Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы жанындағы еріктілер білім бағыты бойынша «NurOrda» мектеп-лицейінде болып қайтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық Достық үйлерінде «Еріктілер қозғалысы» ашылды. Олар білім, спорт, әлеуметтік және медиация бағыты бойынша қызмет атқарады.
Шығыс-Қазақстан облысының еріктілері білім бағыты бойынша түрлі тақырыптағы тренингтар мен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлауда. Әсіресе мектеп жасындағы балалар мен жастарды шешендік өнер, ерік-жігер, SMM технологиялары туралы қызықты тақырыптарда әңгіме өрбітетін іс-шараларға тарту. Жастар арасында пікірталас сайыстарын өткізіп, олардың интеллектуалды дамуына үлес қосуды қолға алмақшы.
Осы мақсатта еріктілер «NurOrda» мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы мен Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктердің алуан түрлілігі, олардың қызметі туралы таныстырды. Оқушылар арасында қызықты диалог орнап, ерік-жігер туралы сұхбаттасты.
Келешекте еріктілер аталған мектеппен достық қарым-қатынаста жұмыс атқаруға жоспар құрды. «NurOrda» мектеп-лицейінің «Медиа клуб» үйірмесіне шеберлік сағат өткізуге шақырту алды. Ал оқушылар Достық үйіне экскурсияға келетін боп шешілді.
Бүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?Кеше, 17:08
Алғашқы Азиадасында 5-орын алды: Меруерт Сәрсенова туралы не білеміз?