Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары23-24 шілде күндері еліміз бойынша«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан. 24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында «Баршаның назарына!» сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі. Аталмыш іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі. Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетілетін болады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек