Кеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?Іс-шара 4 жыл бойы өткізіліп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Esil University-де ҚР ҰҒА Академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің (Қазіргі Esil University) бірінші ректоры Ғабдығапар Сағитұлы Сейітқасымовтың ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған "Сейітқасымов оқулары-2023" тақырыбында жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға 150-ден астам адам қатысты, олардың ішінде Ресей және Беларусь профессорлары, көрнекті қоғам қайраткерлері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірінші басшылары, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназарұлы Байназаров, э.ғ.д., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Загира Дүйсенбайқызы Ысқақова.
Пленарлық отырыста қатысушылар Қазақстанда тиімді қаржы-несие саясатын жүргізудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ қаржы және банк жүйесін қоса алғанда, экономика секторларын одан әрі дамыту бағыттарын талқылады. Конференция барысында өзекті тақырыптар бойынша барлығы 156 баяндама тыңдалды, оның ішінде 67 – қазақстандық жоғары оқу орындары, 23 - таяу шетелдегі жоғары оқу орындары.
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар ғылым және жоғары білім саласындағы ғалым мен қайраткерді еске алып, еңбегіне ризашылықтарын білдірді, сондай-ақ, өздерінің жылы естеліктерімен бөлісті.
Айта кетейік, "Сейітқасымов оқулары" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы бірінші рет емес, 4 жыл бойы өткізіліп келеді.
Кеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?