Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТашкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінде павлодарлық Серік Теміржанов ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі..
57 келіде сынға түскен отандасымыз венгр боксшысы Роланд Вересті сан соқтырды. Үш раундты айқын басымдықпен өткенген С.Теміржанов қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Венгриялық Ролан Верес осыған дейін кикбокста әлемнің бес дүркін чемпионы атанған. Боксқа 2022 жылы ауысып, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған. Ол әуесқой бокстағы өзінің 23 кездесуін өткізді.
Серік Теміржанов Токио Олимпиадасының қатысушысы. 2021 жылы Белградта өткен әлем біріншілігінде финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанған болатын.
Бұған дейін, 51 келіде шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов үнді спортшысынан ұтылып, әлем біріншілігінде жарысты аяқтады. Сондай-ақ, бүгін кешкі сессияда аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев сынға түседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді