19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?6 желтоқсанда Қазақстан құрамасынан рингке соңғы болып Серік Теміржанов шықты. Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпионатында ол Моңғолия боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбатпен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, бүгін шаршы алаңға көтерілген барлық қазақстандық боксшы өз жекпе-жектерінде басымдық танытты. Алдымен 75 келіде Сабыржан Аққалықов қарсыласын еш қиындықсыз жеңсе, артынша 51 келідегі Даниял Сәбит пен 54 келідегі Сәкен Бибосынов та жарысты сенімді түрде бастады.
Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы екі күнінде де Қазақстан құрамасының төрт бірдей боксшысы рингке шығып, барлығы келесі айналымға жолдама алған еді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары