20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін деген Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бейресми дереккөздердің мәліметі бойынша ол Түркияда қолға түскен. Енді құқық қорғау органдары Қазақстанға әкеле жатқан көрінеді. ҚХА сессиясының кулуарында бас прокурор Берік Асыловтың өзі журналистерге бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, Күдебаев Түркиядан жеткізілген.
Айта кетейік, Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қырғызстан арқылы Түркияға қашқаны айтылған. Осы іс бойынша жедел тергеу тобы құрылған.
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Қырғызстан мемлекетіне жолданған сауалдың жауабы келгенін айтқан. Қырғыз тарапы Серік Күдебаев Манас әуежайы арқылы Стамбұл қаласына ұшып кеткенін анықтаған. Одан соң, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаев тау арқылы қашуы мүмкін деген болжам айтқан.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?