29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыФутболдан Испания құрамасының, мадридтік «Реал» мен париждік ПСЖ клубтарының бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос испаниялық «Севилья» футбол клубын сатып алуды көздеп отырған инвесторлар тобына жетекшілік етіп отырғаны мәлім болды, деп хабарды Еl.kz интернет порталы.
Испаниялық Cope радиосының мәліметінше, 39 жастағы Рамос бастаған инвесторлар тобы қазіргі уақытта «Севильяны» сатып алуға берілген ең жоғары ұсынысты берген. Бұған дейін келіссөздерден америкалық инвестициялық қордың шығуы клуб активтерінің бағасын төмендеткен.
Алдағы уақытта «Севилья» клубының директорлар кеңесі Рамос тобының ұсынысын қарастырады. Айта кетейік, Серхио Рамос - «Севильяның» өз түлегі. Ол бұл клубта 2004-2005 жылдары ойнап, 2023 жылы қайта оралып, бір маусым өткізген.
«Севилья» - Испаниядағы ең танымал, жетістігі көп клубтардың бірі. Команда Еуропа лигасын жеті рет жеңіп алып, турнир тарихындағы рекордтық көрсеткішке ие болып отыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек