19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бүгін Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық үш балуан сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың арасында 67 келіде Алмат Кебіспаев, Мұхамбетәлі Мамырбек (63 кг) және Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) күреседі. Сондай-ақ, 72 келіде Ибрагим Магомадов (72 кг) жұбаныш белдесуінде бозкілемге шығады.
Жарыстың Алматы уақытымен 14:30-да басталады. Ал жартылай финал 21:00-де жалғасын табады.
Бұған дейін Белградтағы жаһандық додада еркін күрестен Ризабек Айтмұқан 92 келіде әлем чемпионы атанса, 86 келіде Азамат Дәулетбеков қола жүлдегер атанған болатын. Сонымен бірге, әйелдер күресінен 72 келіде Жәмила Бақбергенова да үздік үштікке еніп, қола жүлдеге ие болды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары