29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСербия құрамасының бұрынғы футболшысы Деян Милованович ардагерлер арасындағы матч кезінде қайтыс болды. 41 жастағы спортшы «Црвена Звезда» командасының ардагерлері сапында алаңға шыққан еді, алайда ойын барысында оның жүрек талмасы ұстап қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
L'Équipe мәліметінше, Миловановичке «инфаркт» диагнозы қойылған. Ол гол соққан соң арада бірнеше минут өткенде есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер футболшыны аман алып қала алмады.
Спорттық мансабында Милованович Сербияның «Црвена Звезда» және «Вождовац» клубтарында, Францияның «Ланс» және Грекияның «Паниониос» командаларында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол Сербия құрамасы сапында екі матч өткізген. 2006 жылы Деян Сербия чемпионатының ең үздік ойыншысы деп танылған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек