Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайдың «Тобыл» клубы өз алаңында Швейцарияның «Базель» клубын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында қостанайлықтар қарсыластарына есе жіберді – 1:2.
Қонақтар сапынан алдымен Антон Каде 26-минутта есеп ашса, Жан Кевин Огустен 32-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.
Ал бірінші тайм аяқталар тұста Серж Дебле «Базель» қақпасына белгіленген пенальтиді сәтті орындап, командасын келесі кезеңге сүйреді. Себебі алғашқы сырт алаңда өткен ойында Қостанай клубы сенсациялық жеңіске жеткен - 1:3.
Клубтардың бастапқы құрамы:
«Тобыл»: Коновалов, Каиров, Младович, Рогач, Асранкулов, Жарынбетов, Илич, Оразов, Вукадинович, Чесноков, Дебле;
«Базель»: Сальви, Шмид, ван Бреемен, Комас, Ланг, Бюргер, Фрай, Миллар, Огюстен, Каде, Ндой.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?