7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?«Сенімді жоғалтты» деген айыппен жұмысынан босатылған Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Өтешева осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзіне қарағанда, ҰОК жариялаған ресми мәлімдемеде шикі тұстар көп. Экс-бас хатшының Геннадий Головкинге реніші де қара қазандай көрінді.
«Сенімді жоғалтпаған» достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ. Менде бәрі жақсы, бәріне көп рахмет! Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада «шикі» тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой, - деп жазды Өтешева.
Талай жыл шаршы алаңда жүргенде баспасөз хатшысы да болған Өтешева бұрынғы бастығының парақшасына жазылушылар қатарынан да шығып кетіпті.
Естеріңізде болса, 2024 жылдың ақпан айында миллиардер Тимур Құлыбаев ҰОК тізгінін кәсіпқой бокстан әлем чемпионы болған Геннадий Головкинге табыстады. ҰОК ассамблеясында Головкинмен жұмыс істейтін команда да жасақталды. Сол кезде комитеттің бас хатшысы болып Жанар Өтешова тағайындалған еді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?