18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Өткен жылы сенім телефоны арқылы 27 мыңнан астам әйел көмекке жүгінді. Бұл туралы ІІМ-нің апталық брифингінде айтылды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме.
1999 жылы ақпанда ІІО жүйесінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі құрылды. Оның мақсаты – әйелдерді заңсыз қол сұғушылықтан қорғау, зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелерінде құқықтық көмек көрсету. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар әр қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде бар. Бұл әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою мүмкіндігін арттырады.
Бұл қызметкерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған немесе оны жасау қаупі бар құқық бұзушыларға қатысты өз бетінше қорғаныс ұйғарымдарын шығара алады. Сонымен қатар, олар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жәбірленушілерге құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді.
Өткен жылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары сенім телефондары арқылы 27 мыңнан астам әйелге кеңес берді, өмірлік қиын жағдайға тап болған 9 мыңнан астам зардап шеккен адам дағдарыс орталықтарына жүгінді. Дағдарыс орталықтарының сенім телефондарына 5 мыңға жуық қоңырау түсті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары баспанаға 3 мыңнан астам адамды орналастырды.
Сондай-ақ әйелдерге 9 мыңнан астам кеңес берілді, оның 5,5 мыңнан астамы полицияға жүгінді. Нәтижесінде 22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 4731 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр