Сенегалда жасөспірімдер Олимпиадасы басталды

Сенегалда жасөспірімдер Олимпиадасы басталды

Асқар Таудай
Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі дода тарихта алғаш рет Африка құрлығында ұйымдастырылып отыр, деп жазады El.kz интернет порталы. 

Ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек алып шықты. Екеуі де 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпаздары. Сонымен қатар Фатима Сұпығалиева 2026 жылы кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанған еді.

IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына 2000-нан астам спортшы қатысады. Дүбірлі додада 18 қазақстандық 11 спорт түрінен жүлде үшін бақ сынайды.

ҰОК баспасөз қызметі 

Айта кетейік, Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасына қатысушыларды анықтау тәртібі өзгерді. Бұл жолы бұрынғыдай арнайы іріктеу жарыстары өткізілген жоқ. Олимпиада жолдамаларын Халықаралық Олимпиадалық комитеті халықаралық спорт федерацияларымен бірлесіп, белгіленген талаптарға сәйкес үлестірді.

Оқи отырыңыз

{