Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысы орталығы Семей қаласының сол жағалауындағы жаңа заманауи қоғамдық кеңістік қолданысқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Аспалы көпір астында муралдар бейнеленіп, спорттық алаңдар орнатылды.
Оқи отырыңыз:
Көпір асты алаңы бірнеше бөлікке бөлініп, онда воркаут алаңы, фитнес аймағы, балалар ойын алаңдарынан тұрады. Көрермендерге арналған 2 трибуна орнатылған. Жаңа қоғамдық кеңістік әртүрлі көркемдік элементтермен, қабырға суреттерімен толтырылған, бұл көпір аймағына эстетикалық көрініс береді. Аяқталған өнер туындыларының ауданы 1850 м2 құрайды, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ, жарықтандыру мен тас жабынын төсеу жұмыстары да жүргізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер