Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысының қалалары мен аудандарында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды, ауылішілік көшелер мен аула аумақтарын қардан тазалау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл облыс жолдарында қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге, қысқы кезеңде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін жағдайды жақсартуға көмектеседі. Семей қаласында қыс басталғалы 37 087 текше метр қар шығарылды. Күн сайын қардан тазалау жұмысына 70-тен астам техника мен 120 адам жұмылдырылады.
Бесқарағай ауданында 10-ға жуық техника мен 20-дан астам жұмысшы жұмылдырылған. Елді мекендердің көшелері мен жалпы ұзындығы 240 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жолдарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 1900 шаршы метр қар шығарылған
Жаңасемейдің Новобаженово, Приречный, Озерки, Шүлбі, Алғабас, Көкентау, Жиенәлі және Ертіс ауылдарында қар шығару жұмыстары қызу жүріп жатыр. 8 техника жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ Үржар ауданынан 3876 текше метр қар шығарылды. Екі жүк тиегіш пен төрт КамАЗ жұмыс істеп жатыр. Ақсуат ауданында қыс маусымы басталғалы 6 бірлік техника арқылы 2500 текше метр қар тазаланды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?