19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Семей қаласының іргесінде жол бойындағы әжетханадан бала мәйіті табылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейресми ақпараттарға сәйкес, ата-анасы 4 жастағы баласын күтушіге қалдырып кеткен. Бірақ анасы үйге келгенде баласы жоқ болып шыққан. Оның мәйітін күтушінің күйеуі сөмкеге салып, қала шетіндегі әжетханаға лақтырған көрінеді. Бүлдіршіннің нақты неден көз жұмғаны әлі белгісіз.
Полиция мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталған.
Төрт жасар бала өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде, - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары