29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСемейде «елес» қыз ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні кешке қаладағы жерасты өткелдерінің бірінде болған. 22 жастағы қыз «елестің» костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан.
Полицейлер қоғамдық орында қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, сырт келбетімен өтіп бара жатқандарды шошытып жүрген тұрғынды анықтады.
Оның үстінен ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін материал жиналды, - деп түсіндірді полицейлер.
Сот шешімімен қыз кінәлі деп танылып, 69 мың теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Семей қаласы полиция басқармасы облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтап, қала тұрғындарының тыныштығын бұзбауды сұрайды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек