Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында көпшіліктің қолдауымен жиналған қаражатқа баспана сатып алу мәселесі ашық өтеді. Абай облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Солтабаева отбасыға қолдау көрсетуге қатысты маңызды жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аbaiaqparatkz-тің жазуынша, толық медициналық тексеруден өткен балаға қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Сонымен қатар, отбасыға құқықтық көмек беру мәселесі де қолға алынған.
Бүгін белгілі болғандай, көпшіліктің қолдауымен отбасының жақын туысының есепшотына 24 миллион теңге жиналды. Бұл қаражат баспана сатып алуға жұмсалады. Қаржының ашық әрі әділ жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, адвокат және қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлескен арнайы комиссия құрылып жатыр. Отбасыға көмек көрсету жұмыстары ашықтық пен әділдік қағидаларына негізделеді. Қоғамның зор қолдауын ескере отырып, тұрғын үйді таңдау және сатып алу процесі барынша жариялы түрде өтетін болады, – деп мәлімдеді Эльзира Солтабаева.
Сонымен қатар, ол отбасының барша қазақстандықтарға білдірген шынайы алғысын жеткізді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?