Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСемейде 23 жастағы ер адам сүйіктісіне күш қолданып, оны ұрлап кетпек болған. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға Докучаев көшесінде болған. Қызды ұрлауға оқталу фактісі бойынша полиция жедел түрде тексеру жүргізді.
Тексеру барысында аталған уақытта көлікте жас жұп отырғаны анықталды. Олардың арасында жанжал орын алған. Көлік тізгінінде болған 23 жастағы ер адам қызға күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және түнгі тыныштықты бұзу арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған басқа да құқықбұзушылықтар анықталды,-деп атап өтті полициядан.
Қайталануы мүмкін зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция жәбірленушіні қорғау шараларын қабылдады. Қазір қыз полицейлердің қорғауында, онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады