Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСемейде қала әкімі Талғат Мұратовтың төрағалығымен су тасқынының алдын алу жөнінде жедел кеңес өтті. Оған әкімдіктің тиісті бөлім басшылары мен коммуналдық қызмет өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шаһар басшысы жауапты мекемелерге көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Көктемде төтенше жағдай туындамауы үшін біз қазірден бастап барынша дайын болуымыз керек. Су басу қаупі бар аудандар ерекше бақылауға алынды. Коммуналдық қызметтер арықтарды, су өткізу жүйелерін тазартып, инертті материалдар қорын жасақтауы қажет. Төтенше жағдайлар басқармасы мен әкімдік тиісті шараларды уақытылы атқарып, халыққа ақпарат беріп отыруы тиіс, – деді қала басшысы.
Қыс басталғалы бері қала аумағынан 37 087 текше метр қар шығарылды. Қар тазалау және шығару жұмыстарына 70-тен астам арнайы техника мен 120 адам күнделікті жұмылдырылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылып, барлық қажетті жұмыстар ұйымдастырылатын болады.
Айта кетсек, қаланың су басу қаупі бар аймақтар қатарында Сроства, Затон, Казкрай, Таткрай, Шығыс, Дальний кенттері бар.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары