Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСемейде төменгі сыныпта оқитын баланы ұрып-соғып, қорлық көрсеткен жоғары сынып оқушылары арнайы мектепке жіберілетін болды. Бұл туралы @qogamnews Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалада кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық оқушыны девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданған. Бұл мекемеде олар психологтардың бақылауымен және уақытша оқшаулау жағдайында түзету жұмыстарынан өтеді. Сондай-ақ, үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру туралы шешім шығарылып, екі балаға қатысты қорғаншылық тоқтатылды.
Материалдар сотқа жолданып, әрі қарай қаралатын болады.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде мектеп жасындағы бір топ оқушы жас баланы соққыға жыққан болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер