Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚоғам белсендісі Дина Таңсәрі мұғалімнің оқушыларға орынсыз әрекет жасағаны туралы өз парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, мұғалім оқушыларды түртіп, бетінен, құлағынан және мойнынан ұстаған.
Видеодағы қыз ыңғайсыз жағдайға тап болып, қалай әрекет ету керегін білмей қалады. Басқа балалар да қорқып, оларға да тиісе ме деп абдырап қалған. Қыздар ұялып, жеке шекарасын қалай қорғау керек екенін білмейді, – дейді Таңсәрі.
Бұл жағдай мұғалімнің әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған күні белгілі болған. Кейін мектеп директоры педагогке құжаттарын алып, жұмыстан кетуін талап еткен. Бірақ балалардың айтуынша, мұғалім қазіргі таңда басқа мектепте жұмыс істеп жүр.
Оқу-ағарту министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, видео 2023 жылы түсірілген, ал қазіргі уақытта оқушы 9-сыныпта білім алуда.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті шұғыл түрде тексеру жүргізді. Балаға қатысты орынсыз әрекет жасаған педагог қазіргі таңда білім беру саласында жұмыс істемейді. Сонымен қатар, педагогтің іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жүгіндік, – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Бұл жағдай Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тұрақты бақылауында.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді