Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСемейде мектеп жасындағы бір топ оқушы жас баланы соққыға жыққан. Бұл сәттің видеосын @kriminal_kazakhstan Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ондағы мәліметке сүйенсек, оқиға Семей қаласының 343-кварталында болған. №9 мектептің оқушысын төрт жасөспірім соққыға жыққан және мүшеқапты үрлеуді бұйырады. Ұрып-соққандардың арасында қыздар да болған көрінеді.
Аталған фактіге қатысты облыстық Полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс қозғалды. Оқиға қатысушылары жедел анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.
Жасөспірімдер полиция есебіне қойылады. Олардың іс-әрекетін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналарға балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін қатаң жауапкершілік жүктеледі. Тергеу барысы Абай облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында,-деп атап өтті полициядан.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер