Семейде балабақша өртенді

17 Ақпан 2024, 18:31
1028
Семей қаласында Павлов көшесінде орналасқан балабақшада өрт шықты. Бұл туралы 101 пультіне бүгін сағат 17.37-де хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер балабақшаның 2-қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықтаған.
ТЖД мәліметінше, қызыл жалын 18:05-те оқшауланды. Оған 37 адам мен 9 техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда өрт аумағы мен шығу себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу: