Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСемейде соңғы отыз жылда алғаш рет заманауи әмбебап құтқару бөлімшесінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа нысан Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен рекордтық қысқа мерзімде — небәрі төрт айдың ішінде, тез тұрғызылатын модульдік конструкциялардың көмегімен салынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов бөлімшенің құрылысы азаматтық қорғау жүйесін дамытудың маңызды қадамы екенін атап өтті.
Бұл нысан – Семей қаласы мен облыстағы мыңдаған тұрғынның қауіпсіздігінің кепілі. Құрылысқа «Демеу» республикалық қоры қолдау көрсетті, ал бөлімшені қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге Қазақстан құтқарушылары қоры көмек берді. Бұл – мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерінің нәтижесі,-деді министр.
Бөлімше өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын біріктіріп, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға тәулік бойы дайын болуын қамтамасыз етеді. Мұнда тиімді қызмет атқаруға барлық жағдай жасалған: жаңа техника, заманауи диспетчерлік пункт, арнайы техникаларға арналған кең гараж, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер, асхана және кезекші ауысымдарға арналған демалыс бөлмелері бар.
Қызметкерлердің дене дайындығына ерекше көңіл бөлінген. Нысан аумағында заманауи жаттығу құрылғылары мен октагоны бар «Batyr team» фитнес орталығы ашылды.
Жаңа кешен Семей қаласының тұрғын секторын және оған іргелес аумақтарды қамтып, өңірдің өртке қарсы қорғалу деңгейін айтарлықтай арттырады.
Әмбебап бөлімшенің жанына қызметтік тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді