10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ынтымақтастығы аясында «Абай мұрасы мен қазіргі мұражай: таным тоғысында, білім, ғылым және тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, шара барысында ұлы ойшылдың туған жерінде арнайы ғылыми-мәдени орталық құру бастамасы айтылды.
Жоба Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттаудың жаңа тәсілдерін іздестіру, оқу-ағарту, ғылыми және білім беру іс-шараларында заманауи мұражайлардың әлеуетін пайдалану, сондай-ақ өлкетануға басымдық беретін мәдени туризмді дамытуға бағытталған. Бастама музейге келуді арттыру және жаһандану жағдайында өскелең ұрпақты ұлттық тарих пен мәдениетті меңгеруге бағытталған, - делінген мәліметте.
Ашылу салтанатынан кейін абайтанушылардың кездесуі өтті. Студенттерге Абай философиясы мен шығармашылығы туралы ашық дәрістер ұйымдастырылып, сарапшылар көрнекті ойшылдың мұрасы туралы өз зерттеулері мен бірегей пікірлерімен бөлісті.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді