Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСемейде ер адам көпірдің үстіне шығып алып, секірмек болған жерінен төмен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полицияға жергілікті тұрғыннан 28 жастағы азаматтың көпірдің аспалы құрылымына шығып алғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер ақпаратты растады. Бұл ақпарат бірден Абай облыстық ТЖД-ның құтқару бөлімшелеріне жеткізілді. Сол мезетте полицейлер құтқарушылар келгенше жігітпен келіссөз жүргізді.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері альпинистік құралдарды пайдаланып, аспалы көпірдің бағанасына шығып, ер адамға жетіп, оны төмен түсірді.
Қазіргі уақытта 28 жастағы облыс тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жеткізіліп, мамандар онымен жұмыс істеп жатыр. Ер адамның мұндай әрекетке бару себептері анықталып жатыр.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді