Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан 7 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың бірі – 16 жастағы қыз бала.
Облыстық әкімдік мәліметінше, оқиға салдарынан барлығы 19 адам зардап шеккен. Оның ішінде 5 адам Көкшетау қаласына жеткізілді, тағы 2 науқасты тасымалдау жоспарланып отыр.
Өрт сөндірушілер ғимараттан сегіз газ баллонын алып шығып, оннан астам адамды эвакуациялады.
Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Пациенттердің жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова:
Щучинск қаласының стационарына күйіктің әртүрлі дәрежесімен 13 науқас түсті. Қазіргі уақытта 6 науқасты Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханаға ауыстыруға дайындық жүргізілуде. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығынан медициналық мамандар тартылды, қосымша үш анестезиолог-реаниматолог бригадасы келді. Қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті көлемде бар. Науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде, - деді.
Облыстық ТЖД дерегінше, Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталды. Барлық қажетті ресурстар жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмектер, санитарлық авиация оқиға орнына бағытталды.
Оқиға орнында облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.
Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.
Өрт толығымен сөндірілді. Құтқарушылар ғимараттағы қирандыларды шығару жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда.
Ақмола облысы ТЖД-де жедел желі телефоны іске қосылды: 8 (7162) 514-298.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді