Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар18 наурыз - Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы «тыныштық» күні. Бұл күні сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың үгіт жүргізуіне тыйым салынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров тыныштық күніндегі ереже туралы айтқан еді.
18 наурыз - тыныштық күні. Ешқандай үгіт-насихат жасауға болмайды. Тыныштық күні сайлауалды кез келген іс-әрекетіне тыйым салынады және ол үшін заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген. Осы мәселе бойынша уәкілетті және қадағалау органдарының ақпаратын тыңдайымыз, – деді ол.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға 12 032 550 дауыс беруші тіркелді.
Дауыс берушілер өз сайлау учаскесін sailau.gov.kz/#info сайтынан біле алады. Ол үшін сайлаушы сайтқа кіріп, тұратын аймағы мен ЖСН нөмірін енгізеді.
Сайлаушыларға арналған бюллетеньдер әртүрлі түсте болады. Біріншісінің түсі – көк, екіншісінің түсі – жасыл, үшіншісінің түсі – күрең және төртіншісінің түсі – қызғылт сары, бесіншісінің түсі – сұр.
ОСК 20 өңірде байқауды жүзеге асыратын 10 республикалық қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымды тіркеді.
Сайлауда жас кандидаттарды қолдайтын «Жастар үні» блогы құрылды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?