23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназров Шымкентте оққа ұшқан Руслан Берденов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үлкен жарақат алды. Үш рет атты. Аман-сау қалуы өте қиын еді. Өзіне келуі біраз уақыт алады. Руслан мырзаның спортқа көзқарасы бөлек, тез сауығып кетеді деп үміттенеміз. Мен әлеуметтік желіде таралған ақпараттарға сенбеймін. Бұл оқиғаның саяси астары жоқ, саяси тапсырыс емес. Бір өлімнен аман қалып отыр. Руслан мырзаны сипаттайтын бір дүние айтып берейін. Ол кеше ғана наркоздан ес жиып жатқанда «Жұмысқа бару керек, жұмысқа бару керек» деп айтқан екен. Шын мәнінде бұл Руслан Берденовтің жұмысқа деген адалдығын көрсетеді, - дейді Мәжіліс депутаты.
Оның айтуынша, оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін.
Ол мемлекеттік шенеунік. Бұл кез келген адамның басында болуы мүмкін еді, - дейді депутат.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Оқ атқан адам қамауға алынған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік