Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСаясат Нұрбек ономастика саласының ардагеріне " Парасат" орденін табыстады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі телеграм парақшасында жазды.
"Бүгін Қазақстандағы ономастика саласының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылым академиясының академигі Телғожа Сейдінұлы Жанұзақ ақсақалға Президент жарлығымен бекітілген "Парасат" орденін табыстадым.
Тоқсанның бесеуіне келген қазыналы қарттың отауына арнайы ат шалдырып, батасын алдық. Қуыс үйден құр шығармайтын ата салтымызбен "Қазақ ономастикасы", "Өмір белестері" кітаптарын тарту етті.
Тыл ардагері, ғалым Телғожа Сейдінұлының негізгі ғылыми еңбектері ономастика, лексикология, лексикография, терминология және фольклортану мәселелеріне арналған. Бес ғылыми монография және он шақты кітап шығарды, олардың ішінде: 1982 жылы шыққан «Қазақ ономастикасының очерктері», 1990 жылы жарияланған «Түркі ономастикасы» еңбектері бар.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері атандырған 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» іргелі еңбегінің өзі әлі талай жанға азық болары ақиқат. Даналықты бойына жинаған ақсақалымызға ұзақ ғұмыр тілеймін!",деп жазды министр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары