Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікИрактың Кут қаласындағы сауда орталығында болған өрт салдарынан 63 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.
Өрт шығыс Ирактағы Кут қаласындағы бес қабатты сауда орталығын шарпыған. Ғимарат ішінде гипермаркет орналасқан болатын. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі агенттікке берген мәліметінде, 59 адамның жеке тұлғалары анықталғанын, тағы бір адамның жеке-басы нақтыланған жоқ. Сонымен қатар, үйінді астында қалған басқа да құрбандардың денелері бар екені айтылды.
Бұған дейін Ирак билігі оқиғаға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту жариялаған болатын.
Васит провинциясының полиция басшылығы гипермаркеттегі өртті сөндіру үшін азаматтық қорғаныс күштерін толықтай жұмылдыру туралы бұйрық шығарған.
Қазіргі таңда құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, ал тергеу жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін Қостанайда төсекте шылым шеккеннің кесірінен үйді өрт шалғаны туралы жазған едік.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер