Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясының командасы Польша құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz.
Эр-Райяндегі «Эдьюкейшн Сити» стадионында өткен ойын тартысты өтті. Сауд Арабиясының құрамасы алғашқы таймда басымдыққа ие болғанымен, 39-шы минутта қарсыластарына ұпай жіберіп алды. 81-ші минутта польшалықтар жеңіс әкелген голды соқты.
Ойын нәтижесіне сәйкес, 30 қарашада Польша құрамасы Аргентинамен кездеседі. Ал Сауд Арабиясы Мексикамен бақ сынасады.
Бірінші турда Польша құрамасы Мексикамен тең түсіп, ойын 0:0 есебімен аяқталса, Сауд Арабиясы Аргентинаны 2:1 есебімен жеңіп кетіп, жанкүйерлерін таң қалдырған болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді