Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШоумен әрі актер Жахан Отарғалиев балалы келіншекке үйленген. Бұл туралы өзінің желі парақшасында жүктеген бейнежазбадан белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұған дейін берген сұхбатындағы "Мен тек баласы бар келіншек аламын" деген үзіндісін жариялап, бейнежазба соңында мектеп жасындағы екі қыз баланы ойнатып жүрген сәтті көруге болады.
"Алла сұрағанымды берді",-деп жазды шоумен.
Жеке өміріне қатысты шындықты жайып салған актерге оқырмандарына бақыт тілеп, өз лебіздерін жаудырды.
"Қазақтың қыздарына пана бола білген бір кісі мың кісінің жасай алмайтынын жасады деп ойлаймын", "Сауап іс жасапсың", "Бақытты болыңдар", "Алла разы болсын! Ұл сүйіңіз", "Осы жақсылығыңызға Алла егіздетіп берсін", "Қошқардай ұл туып берсін" деп жазды желідегілер.
Еске салсақ, бұған дейін шоуменнің анасы ұлына баласы бар әйелге үйленуін өтінген болатын. Көп ұзамай актердің шаңырақ көтергені белгілі болды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер