Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕуропалық ғарыш агенттігі (ЕҒА) Сатурнның серігі Энцеладта өмір сүруге қажетті барлық алғышарттар бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бұл тұжырым «Кассини» ғарыш аппаратының 2008 жылы серіктің оңтүстік полюсіндегі гейзерлерден мұз кристалдарын жинап алған деректеріне негізделген. Ғалымдар жаңа алынған үлгілерде аминқышқылдарының ізашарларын қоса алғанда, күрделі органикалық молекулалар барын растады.
Енді Энцелад тіршілікті қолдай алатын әлем ретінде қарастырылуы үшін барлық талаптарға жауап береді, - деді зерттеу жетекшісі, Берлин еркін университетінің профессоры Нозаир Хаваджа.
Оның айтуынша, Энцеладта өмірдің жоқтығының өзі үлкен жаңалық болмақ:
Мұндайда «барлық қолайлы жағдай бола тұра, неге тіршілік пайда болмады?» деген сұрақ туындайды, - деді ғалым.
Диаметрі шамамен 500 шақырымды құрайтын Энцеладтың бетін мұзды қабық жапқан, ал оның астында сұйық судан тұратын мұхит бар. Гейзерлер суды ғарышқа атқылап, оның бір бөлігі Сатурнның сақинасын құрайды.
Жаңа деректер органикалық заттардың Күн сәулесінің әсерінен емес, дәл осы мұхиттың қойнауында түзілетінін көрсетті. Бұл жерде биологиялық тұрғыдан маңызды процестер жүруі мүмкін деген болжамды күшейтеді.
Алдағы уақытта ЕКА Энцеладқа арнайы миссия жоспарлап отыр. Экспедиция серіктің шлейфтерінен мұз үлгілерін жинап, алғаш рет оның бетіне қонуға талпынады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?