Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСәтбаев Университетінде М. Тынышпаев атындағы Көліктік инженерия және логистика мектебінің ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – оқытушылардың бай әрі мол тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистика саласына арналған ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы Сәтбаев Университеті ғалымдарының жетістіктерін біріктіретін жоғары оқу орны.
«Көлік» және «Логистика» білім беру бағдарламалары бойынша инженерлер даярлайтын жаңа мектепке қазақтың тұңғыш теміржол инженері, қоғам қайраткері, Түркістан автономиясының премьер-министрі, Түркістан-Сібір магистралін жобалау және құрылыс жұмыстарына белсенді қатысушы М.Тынышпаевтың есімі берілді.
Мамандарды даярлау ісінің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін Сәтбаев Университеті Сиань теміржол кәсіптік институтымен (ҚХР) ынтымақтастық туралы келісімге отырды, Силезия технологиялық университетімен (Польша) бірлесіп, «Көлік технологиялары» мамандығы бойынша магистратураның екі дипломдық білім беру бағдарламасын ашты, сонымен қатар Темір жол көлігі институтымен (Рига, Латвия) консорциум құрылды.
Автомобиль және теміржол көлігі саласы үшін инженерлерді даярлауға арналған білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша халықаралық және отандық агенттіктермен сертификатталған: атап айтқанда, ASIIN (Германия), НКАОКО және НААР
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?