Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Сарыағаш ауданында «ҚазТрансГаз» мекемесінің газ құбырынан аса ірі мөлшерде көгілдір отын ұрлаған жылыжай иесі сотталды, деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкердің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 2,3 тармағы (Аса ірі мөлшерде мұнай-газ құбырынан газ ұрлау) бойынша іс қозғалып, сот үкімімен ол кінәлі деп танылды. Оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 5 жылға шартты түрде соттау жазасы тағайындалды.
Сотталушы көгілдір отынды ұрлау фактісі бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесіне келтірілген материалдық шығынды толық төлеген.
«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының Түркістан өндірістік филиалының дерегінше, өткен жылдың қаңтар айында газ саласының мамандары Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Қызыл ту» шаруа қожалығын тексеру кезінде олардың тауарлық газды ұрлаған фактісін анықтаған болатын. Газ мекемесінің келісімінсіз жоғары қысымды газ құбырына диаметрі кіші газ құбырын заңсыз жалғау арқылы кәсіпкер өзінің жылыжайларын газбен қамтамасыз еткен. Ал тұтынылған газ үшін ақы төлемеген. Алайда күдікті қашып үлгергендіктен оған халықаралық іздеуде жарияланған еді.
Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдікті күдіктіні көп ұзамай ұстады.
Бұл тек Түркістан облысы емес, жалпы Қазақстан бойынша ірі мөлшерде газ ұрлау фактісі болып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?